Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛГЕН

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛГЕН

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы 7 мыңға жуық азамат мүмкіндігі шектеулі жандар санатында. Былтыр мүгедектігі бар 500-ден астам азаматқа «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешеніне, «Асыл-Бұлақ» шипажайына, «Біркөлік», «Денсаулық» және «Таң-Нұры» санаторияларына денсаулығын түзетуге тегін жолдамалар берілген, , деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
«Өзім I топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматпын. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы инватаксиді жиі шақырамын. Уақытылы жұмыс істейді. Пандус бойынша проблемалық мәселе болмағандығы қуантады. Маған медициналық-әлеуметік сараптама бөлімі (ФТЭК) жазған оңалтудың жеке бағдарламама (ИПР-ге) санаторлық-курорттық емдеуді жазған. Жыл сайын жолдама алып денсаулығымды түзеп қайтамын», — дейді жетісайлық тұрғын Танакөз Разматуллаева.
Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжановтың сөзінше, 2020 жылы 312 мүгедектігі бар азамат протез құралдарын алған. Одан бөлек, есту аппараты бойынша 38 тұрғын жеке оңалту бағдарламасы негізінде «InterSound» ЖШС-нен есту аппараттарын алу мүмкіндігіне ие болған.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу