Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Өткен жылы Түркістан қаласының тұрғындары арасында аса қауіпті инфекциялар, айтап айтқанда, тырысқақ, оба, құтыру, күйдіргі, сіреспе, қызамық, эпидемиялық паротит, «А» вирусты гепатиті және іріңді менингит аурулары тіркелгелмеген. Санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың жоспарлы жүргізілуіне байланысты, жекелеген аурулардың да төмендеуі байқалады. Бұл туралы Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебінді мәлімденді.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр вируспен шақырылатын жедел жұқпалы қызылша ауруы, жұқпалы ішек ауруы тіркеліп, инфекцияға қарсы эпидемиологиялық іс-шаралар атқарылған.
Департамент басшысы Н. Нышанов әлемді жайлаған пандемиямен күресте эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүйелі және нәтежиелі жұмыстар атқарылатынын айтты. Пандемия кезінде карантин талаптарын өрескел бұзғандар да болды. Алты мобильдік топтармен жүргізілген мониторингілеу жұмыстарының нәтижесінде 4453 нысан тексеріліп, 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Карантин талаптарын сақтамаған 62 жеке кәсіпкерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Қалалық соттың шешімімен олардың бесеуі 5 тәулікке қамалып, бір кәсіпкер ескерту алды.
Өткен жылы Түркістан қаласы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция диагнозымен 729 науқас тіркелген. «COVID-19» зертханалық расталған науқастар бойынша ошақтарға дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, инфекциямен күрес барысында қаланың эпидемиологиялық ахуалын ескере отырып, қаланың Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігері 72 Қаулы шығарған.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу