Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЫРДАН МҰРА ҚАЛДЫРҒАН ДҮЛДҮЛ АҚЫН

ЖЫРДАН МҰРА ҚАЛДЫРҒАН ДҮЛДҮЛ АҚЫН

Қазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханасында Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жырдан мұра қалдырған дүлдүл ақын» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Оқырмандарға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңі мен айтыстан үзінді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.Оқырманға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру,эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Іс-шараны кітапханашы Г.Бодикова жүргізді. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармаларына шолу жасалынып, оқырмандарға ұсынылды. Шығармаларының тәрбиелік мәнін дәріптей отырып, сол дәуірдегі қоғамдағы оқиғаларға шегініс жасап, шығарманың мазмұнын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Іс-шараға «Дарын» мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 6-9 сынып оқушылары, мұғалімдері мен тәрбиешілері және көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы бөлімнің оқырманы М.Жұманов қатысты. Кеш барысында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Жамбылдың балалық шағынан шағын сахналық көрініс қойылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып, әсем әнмен кеш ажарын ашты. Кешті кітапханашы Г.Абдрасилова қорытындылап, қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу