Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін 16 сағат 00 минутта ауа — райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Уланбель — Созак — Екпенды» тасжолында Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған Шымкент – Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен алты қызметкер, екі дана техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, бір автобус және бес жеңіл автокөлігіндегі елу жолаушы оның ішінде үш бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.
Құрметті облыс тұрғындары, қала қонақтары ТЖД әлеуметтік желілерінде жарияланған дауылды ескертулерге және де ұялы телефондарыңызға келген дауылды ескертулерге құлақ түрулеріңізді, жолда қалып қойған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу