Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ИНЕРТТІ МАТЕРИАЛДАР ЖЕТКІЛІКТІ

ИНЕРТТІ МАТЕРИАЛДАР ЖЕТКІЛІКТІ

Сайрам ауданында бүгін қардың қалың түсуіне байланысты «Сәтті Жол-2017» ЖШС тарапынан аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға мердігер тарапынан тоғыз техника тартылған. Тайғаққа қарсы себілетін инертті материалдар жеткілікті. Ал жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында түрлі қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың аумағын қардан тазартуды нысан иелері тарапынан жүргізілуін ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері ұйымдастыруда.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» МКК мен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірлесіп, тәулік бойы кезекшілікпен тазалау жұмыстары ұйымдастырылған.
Қарды бір сыпыра тазалау жұмысы жүргізіліп, 400м³ құм, 40 тонна тұз артылған техникалар дайып тұр. Кешкі суықтан мұз қату жағдайы байқалса, инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіледі. Әзірге Сайрам аудаында жолдар толық ашылған. Қар түсуіне байланысты көмек сұрау жағдайлары тіркелмеген.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу