Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАРАБҰЛАҚТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

ҚАРАБҰЛАҚТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында аудан әкімі,  аудан әкімдігінің қызметкерлері, Сайрам ауданы маслихаты депутаттары, Сайрам ауданындағы ауылдық округтер әкімдері, БАҚ өкілдерінің қатысуы мен Қарабұлақ ауылында «10 күндік іс-шаралар» жоспары қабылданып, жұмысын бастады. Қонақтарды ауыл қақпасынан күтіп алып, осы жерде іс-шараға керек болатын техникалар мен ауыл әкімі Мамуржан Шадиев
таныстырды. Ауыл орталығындағы мәдениет үйінде жалғасқан жиын барысында Қарабұлақ ауылы әкімі атқарылатын жұмыстарды үлкен экранда слайд арқылы көрсетіп, іс-шараның соңында нәтіжені де осындай слайд пен көрсететінін айтты. Сайрам ауданындағы әр бір сала басшылары кезекпен сөз алып, өздерінің «10 күндік іс-шараға» қосатын үлестері тұралы сөз етті.
Қарабұлақ ауылындағы Қонаев колледж шеберханасы қонақтардың кезекті барған жері болды. 436 миллионға салынған шеберханада, 10 мамандық бойынша жастар білім алып жатыр. Тек кана Қарабұлақта емес бүкіл Сайрам ауданында теңдесі жоқ колледж мамандарының диплом алған соң дерлік барлығы өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқаны колледж жетістігі. Дәнекерлеуші, тігінші, аспазшы, автоэлектрик, ауыл шаруашылығы техникасы жүргізушілері, ағаш ұстасы, әйтеуір машинаны шашып, қайта жинайтын маман дайындайтын колледж болашағы жарқын. Шәкірт ақы, жол ақысын алатын студенттер ертеңгі күніне сенімді.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу