Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «Шымкент жастар лигасы» жобасы қолға алынып, мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен өз шеберліктерін көрсетпек.
Аталған сайысқа оқушылардың дайындығын пысықтау үшін қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шапырашты елді мекенінде орналасқан Сансызбай Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта мектебінде «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында баскетбол және волейболдан турнир өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына мектеп директорының міндетін атқарушы Оралбаев Шойбек Байсұлтанұлы қатысып, жастарға сəттілік тіледі.
Дене шынықтыру жəне спорт пəнінің мұғалімдері Төлегенов Жандос, Сейтханов Жомарт, Боранбаев Мұстафа жүргізген шара барысында ең үздік деген командалар жəне «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жаттықтырушы» анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. Турнирге Өтеміс елді мекенінен келген Абай атындағы №32 жалпы орта мектебінің оқушылары мен ауыл жастарынан құралған команда қатысып, белсенділік танытты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу