Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстаның дамуы мен өркендеу жолында басты рөл атқарып, жүйелі істердің арқасында халықтың зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясына 22 жыл толды.

Осы мерейлі датаға орай «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты жиын өтті.

Жиынға қатысқан Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «нұротандықтарды» мерекемен құттықтап, жаңа бастамаларды жүзеге асыру жолында сәттілік тіледі.

–Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы бүгінде бір реттік іс-шаралар ұйымдастыруды емес, елімізде орын алып жатқан нақты саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де реформалардың басы-қасында жүруді мақсат етеді. Нағыз атына заты сай екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Партия өзінің дамуында жаңа кезеңге аяқ басты. Өткен жылы алғашқы праймериз өткізіп, бірегей, мол тәжірибе жинадық. 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Қала тұрғындарының сапалы өмір сүруі үшін бағдарланған алдағы 5 жылдық жұмыс жоспарымыз праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Салтанатты жиында партияға жаңадан қабылданған 10 азаматқа партиялық билет табысталды. Партиялық билет алған азаматтардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, студент, зейнеткер және мұғалімдер мен дәрігерлер бар.

© didarbek.kz

Пікір жазу