Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық сенбілік өтті. Қала тазалығын басты назарда ұстаған мемлекеттік қызметшілер қала көшелерін күл — қоқыстан тазалады.
Сонымен қатар, жасыл желекті түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында 8160 ағаш əктелді. Және алты мыңға жуық көшет отырғызылды. Арнайы көліктер қоқыстарды қала сыртына шығарды.
Жалпы мегаполис сенбілік үстінде. Қызу түрдегі қыруар еңбектер көшенің шырайына шырай қоса түскендей. Бүгінгі тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты барлық басқармалардан 500-ге жуық адам қатысты. Олармен 45,5 шақырым жол жиектері, 37,3 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланып, 300 текше метрге жуық күл — қоқыс шығарылды. Жұмысқа барлығы 27 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы үнемі күн тәртібінен түскен емес. Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюін және арақашықтықты сақтауын сұрайды. Шара шырайлы Шымкентті тұрғындармен бірге гүлдендіру мақсатында өткізілгелі отыр.

Пікір жазу