Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙДЫ

ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда азайды. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Брифингте сөз алған департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша, департамент пен жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыла жұмыс атқаруы оң нәтиже беріп отыр.

«Жыл басынан бері суға кеткен адамдар саны 71-ден 31 адамға дейін, яғни, 56 пайызға кеміді. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың су айдындарында 31 адамның суда қаза болу оқиғасы тіркелді, оның ішінде 17-сі — балалар мен жасөспірімдер. Шілде-тамыз айында адамдардың көп қаза болуы су айдындарында тіркеліп отыр. Бұл еңбек демалысы мен жазғы демалыс кезеңімен байланысты», – деді Н.Әсібеков.

Бөлім басшысының айтуынша, оқыс оқиғалардың негізгі себептері жабдықталмаған су айдындарында суға шомылу, балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалуы, судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын бұзу болып отыр. Енді күн суытса да су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі әлі өзекті, себебі күз бен қыста балық аулау кезеңі басталып кетті.

 

Өз тілшімізден

Пікір жазу