Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАНСАҚ, ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ ТОҚТАЙДЫ

ШЫМКЕНТ: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ ҰСТАНСАҚ, ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ ТОҚТАЙДЫ

Шымкент қаласы қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайларға байланысты «Сары аймақта» тұр.
Жалпы шаһарда биылғы жылдың 1 қаңтарынан 6 сәуірге дейінгі аралықта коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша 1647 жағдайы тіркелді. Оның 940-ы симптомды болса, 707-сі симптомсыз. Осы аралықта 632 науқас емделіп шықса, 98 науқас қайтыс болды.
Сондай-ақ, 1 қаңтардан 6 сәуірге дейінгі аралықта COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 201 жағдайы тіркелді.
Ал Шымкентте өткен тәулікте 30 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Айта кету керек, бүгінгі күні қалада 1 380 төсек — орын бар. Атап айтар болсақ, жұқпалы ауруханада — 560, Атамекен клиникасында -500, «14 емдеу орталығы» ЖШС- 320 орын бар. 1009 төсек — орны бос. Қазіргі таңда жұқпалы және карантиндік ауруханаларда КВИ-мен 160, ЖРВИ-мен 137, пневмониямен 7, барлығы 371 науқас ем қабылдауда.
Мамандардың айтуынша, коронавирустық инфекциядан арылудың нақты жолы COVID-19-ға қарсы вакцина салудыру болып отыр. Елімізде екі ай бұрын басталған COVID-19 дертіне қарсы вакциналау шарасы Шымкент қаласында да қарқынды жүргізілуде. Вакцина салу ерікті, әрі тегін.
Ол үшін 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесінде егу пункттері мен кабинеттері жабдықталды.

Пікір жазу