Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ағаш отырғызу акциясы жалғасуда.“Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы бастамасымен қаламыздағы тарихи орындардың бірі Асанбай  Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа жүз түп көпжылдық ағаш көшеттері отырғызылды.
Аталған акцияға “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық «Әйелдер қоғамының» төрайымы Баян Жандасова, «Азаматтық Альянс қауымдастығы» мүшелері қатысты.
— Қасиетті Рамазан айын тал отырғызып, сауапты істерден бастап жатырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында елімізде екі млрд. ағаш отырғызылуы жайлы айтып өткен болатын. Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ұйымдастырылған ісшараға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан белсенділері атсалысты. Бүгінгі акцияда боз арша, үйеңкі, шаған, қара тал көшеттері егілді, — деді «Азаматтық Альянс қауымдастығының» президенті Жұмағали Білісбеков.
Айта кетейік, күні кеше Қаратау, Абай және Еңбекші аудандарында 1700 түп көшет егілген болатын.

Пікір жазу