Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ЖОЛ КАРТАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

ЖОЛ КАРТАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН


Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Партия төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Төлегеновтың жетекшілігімен өткен жиынға кеңес мүшелері, партия филиалының жауапты қызметкерлері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Жиында білім саласы бойынша партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының Жол картасының ағымдағы жылдың 10 айында орындалуы және қоғамдық кеңестің алдыңғы отырысындағы ұсыныстардың орындалу барысы талқыланды.
Жол картасында барлығы 149 іс-шара қамтылған. Оның 13-і білім саласына қатысты. Жол картасында білім саласын дамытуға бағытталған 13 іс-шараның 12-сі жоспарға сәйкес орындалды. Орындалған іс-шаралар қатарында 25 мектептің (мемлекеттік-4, жекеменшік-21) пайдалануға берілуі, үш ауысымды мектептер санының 14-тен 9-ға қысқаруы, жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесінің 30 пайызға артуы, мектептер үшін қажетті компьютер мен 18 мың партаның сатып алынуы және т.б межелі міндеттер бар.
Білім саласына қатысты тағы бір іс-шара орындалу үстінде. Қазіргі таңда қаладағы №39, 105 балабақшаларында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Нысандардың пайдалануға берілуі желтоқсан айына жоспарлануда.
Кеңес отырысын қорытындылаған Бекайдар Төлегенов 10 айдың қорытындысы бойынша Жол картасындағы 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның 57-сі (47%) аяқталып, 65-і (53%) жылдың соңына дейін орындалатынын айтты. Сонымен қатар ол сапалы білім мен саналы тәрбие алған жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін, сондықтан да «Nur Otan» партиясы қалада білім беру саласын дамытуға зор басымдық беретінін атап өтті.

© Didarbek.kz

Пікір жазу