Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ

Батырхан Қалдарбекұлы  көптеген анимациялық және көркем, деректі фильмдердің режиссері. «Қазақстан аниматорларының ассоциясы» қоғамдық ұйымның төрағасы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің», жанына құрылған киномамандарының көркемдік кеңестің мүшесі. Оның ішінде, «Қазақ елі», «Қанатты барыс» және «Сапа олимпиадасы», «Қазақстан бренді»,  анимациялық фильмдері үшін 2008 жылы «Ең үздік режиссер-аниматор» дипломымен марапатталған. Сонымен қатар, Батырхан Қалдарбекұлы  –  «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының және ОҚО журналистер одағының белсенді мүшесі және 60-тан аса әндерге сөз жазған. «Бөбек» қоры жариялаған балаларға арналған әндер мен ертегілердің авторы ретінде арнайы сыйлыққа ие болған.

Ол 1965 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ – Түрік университетінің «Өнер» факультетін бітірген. 2007 жылдың сәуір айынан бастап ОҚО мәдениет басқармасы «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор қызметін атқарып келеді.

2001 жылы ОҚО «Ең үздік дизайнер» дипломымен марапатталып, 2004 жылы  Қазақстан Дизайнерлер одағының ОҚО бөлімінің төрағасы болып тағайындалған.  2006 жылы бүкіл Қазақстан дизайнерлерінің Ι-съезінде «Қазақстан дизайн өнеріне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.  «Қазақстан аниматорлар ассоциациясының» төрағасы қызметіне тағайындалып, осы жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және 2012 жылы «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлеріне 20 жыл» медалімен марапатталған.

2013 жылы Республикалық «Балапан» балалар телеарнасының тапсырысымен түсірілген балаларға арналған шытырман оқиғалы «Томпақ» телесериалының (25 сериялы) сценарий авторы, әрі режиссері болды. 2013 жылы «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ОҚО Мәдениет және өнер саласы бойынша «Үздік мекеме» номинациясын жеңіп алды.

2014 жылы  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының арнайы ұсынысымен балаларды отансүйгіштікке, туған елге, жерге деген патриоттық сезімге баулайтын, бірлікке шақыратын «Қошқар мен теке-2» (сцен. авт,  реж. Б.Дәуренбеков) анимациялық фильмі дайындалды.2015 жылы «Қазақфильм» АҚ тапсырысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, өзбек халқының ертегісінің желісі бойынша дайындалған «Фархаттың айласы» анимациялық фильмінің бас режиссері. Сонымен қатар жуырда Қытайдың Хонжу қаласында өткен халықаралық анимациялық фильмдер фестивалінде «Қошқар мен теке» (сцен. авт,  реж. Б.Дәуренбеков)  анимациялық фильмі екі бірдей «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» номинациялары бойынша марапатталды.

2015 жылы  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медалімен марапатталды.2016 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Мінезі ашық, іскер, еңбекқор, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, ұжымның алдында сыйлы, басшылық қызметін өте жоғары деңгейде және адал атқарып келеді. 2017 жылы ХІІІ «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің «Ең үздік сценарий» номинациясын ұтып алды.

Шымкент

Пікір жазу