Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – АУДАН АЙНАСЫ

САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – АУДАН АЙНАСЫ

Аудан орталығы аудан айнасы болғандықтан, әкімдік тарапынан ең алдымен сыртқы келбеті мен тазалығына назар аударылды.
Осыған сәйкес, бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақсукент ауылдық округінің ауыл әкімшілігінен бастап, Ұлы Жібек жолы даңғылы және Манкент ауылымен шекараласатын жол бөлігін абаттандыру, ондағы жолжиектері мен тазалық жұмыстарының жағдайымен танысты.
Аралау барысында аталған аумақта абаттандыру және тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейтіні сынға алынды.
Аталған кемшіліктерге байланысты Манкент және Ақсукент ауылдық округтерінің әкімдеріне абаттандыру және жол бойындағы жолжиектерді қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл бастап, аяқтауды, сондай-ақ тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен мекемелерді тарту мәселесін қолға алуды тапсырды.
Келесі кезекте осы жұмыстарға бақылау жүргізуді әкім орынбасарлары М.Оразалиев және Ш.Убайдуллаевтарға ескертті.

Пікір жазу