Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қарабұлақта ата-аналардың қатысуымен кездесу өткізілді

Қарабұлақта ата-аналардың қатысуымен кездесу өткізілді

Қарабұлақ ауылдық округі жастары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша «№104» негізгі орта және «№101» жалпы орта мектеп оқушылары, ата-аналары қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуге ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, Сайрам АІІБ полиция инспекторы полиция капитаны А.Төлепберген, ауылдық округі әкімшілігі аппараты бас маман заңгер Д.Абдукаримов және мектеп ұжымы қатысты.
Кездесуде полиция инспекторы А.Төлепберген кәмелет жасына толмаған жасөспірім балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ең алдымен отбасылық тәрбиеге мән беру керектігін айтты, өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру.
Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз.
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалтасында ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар.
Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.
Ауылдық округі бойынша жастар арасында қылмысты болдырмау мақсатында түнгі рейдтік шаралар тұрақты ұйымдастырылуы және оның натижесі бойынша ата-аналарға шара қолданатынын кездесу қатысушылар назарына жеткізілді.
Кездесуде сөз сойлеген Б.Шамуратов — мектеп ата-аналарына қарата айтқан сөзінде тәрбиеде отбасының орнына ерекше коңіл қою керектігін, отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Аталған іс-шаралар ауылдың басқа мектептерінде жалғасын табады.

Пікір жазу