Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРДАГЕР — ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

АРДАГЕР — ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!

1 қазан — Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнінде, «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасы аясында, Сайрам ауданы мәслихатының депутаты,«Ақсукент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Султанов Сакен Әбдіәшімұлының ұйымдастыруымен, Оқу-өндірістік комбинатында қызмет еткен ардагер ұстаздарды құрметтеп, сый-сиапаттар табыстап, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ұстаздар күні қарсаңында өткізілген бұл іс-шарада мекеме басшылығы мен ұжым атынан ұстаз ардагерлерге жылы лебіздер айтылды.
Құрметті ардагер ұстаздар! «Алты алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын ұстаздарға тиесілі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айтқандай, Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізбен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың мектебіміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Осындай мейірімді және жарқын мереке күні барлық қазыналы қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір тілейміз, әрқашан артыңыздан ерген өскелең ұрпақпен данагөйлігіңізбен және тәжірибеңізбен бөлісе беріңіздер! Отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық орнасын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Пікір жазу