Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

САЙРАМДА ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына және әскери борышын өтеген азаматтардың Таулы Қарабақтан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Сайрам ауданы орталығында іс-шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ардагерлерге құрмет көрсету, ерлік жасаған ардагерлерді еске алу және жастарды отан қорғауға шақыру.
Республикалық Қарабақ этносаралық ұрыс қимылдарының төрағасы, облыстық төрағалар, «Түркістан облысы Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысы Таулы Қарабақ этномәдени бірлестігінің төрайымы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылары мен өкілдері, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, «AMANAT» партиясы Сайрам ауданы филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, Таулы Карабах этносаралық қақтығына ауданнан қатысқан жауынгер ардагерлер қатысты.
Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта батырларға тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жариялап, рухтарына арналған құран бағышталды. Екінші дүниежүзілік соғысында мерт болған сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Мұнан кейін аталған іс-шара Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасты.
Іс-шараға келген қонақтар мен ардагерлер Таулы Карабах этносаралық қақтығысында әскери борыштарын өтеген жауынгерлердің ерліктері аталып, Әзербайжан елінің Шуша қаласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер Ж.Төлегенов және Е.Барынбетовтерді құрметпен еске алып, үнсіздік жарияланды.
Облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдерінің ұйымдастыруымен Карабақтағы бейбіт халықтың өмірі мен этноаралас қақтығыстың басталуы туралы көрініс сахналанып, «Гарабах» би ансамблінің «Гарабах» биі орындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «Таулы Карабах ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Базарбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Ж.Урманов құттықтап, ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Облыстық Таулы Карабах этносаралық ұрыс қимылдары қорының төрағасы М.Дәрібаев, аудан прокуроры және Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысының ұрыс қимылдарының Сайрам ауданы бойынша төрағасы Бахтияр Батаев ардагерлердің ерліктері жастарға үлгі екенін айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Түркістан облысының «Гарабах» әзербайжан ұлттық этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева Әзербайжан елінен арнайы жолданған алғыс хатты Б.Батаевқа тапсырды.
Шара Жеңіс күні және сарбаздардың құрметіне арналған концерттік бағдарламада ұласты. Ән аясында таулы Карабахтағы қақтығыс туралы бейнероликтер көрермендерге ұсынылды.

Пікір жазу