Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «AMANAT» ҚАЗЫҒҰРТ: ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРҒА БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

«AMANAT» ҚАЗЫҒҰРТ: ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРҒА БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекеніне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептке партиялық бақылау бекеті құрылды.
Құрылған бекетке жетекшілері мен мүшелері құрылыстың сапасына, бөлінген қаржының тиімді игерілуіне, құрылыс материалдарының талан-таражға түспеуіне, онда жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, сондай-ақ жалақыларының уақытылы алуын қадағалап, ай сайын партия филиалына ақпарат жолдап отыратын болды.
Шараның мақсаты, «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген нысандар құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуына және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына, сондай-ақ әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуына және жұмыс сапасына жүйелі түрде қоғамдық бақылау ұйымдастыру мақсатында
Сондай ақ Сырлысай елді мекенінде 200 орындық мектеп бой көтеруде. Аталмыш мектептің құрылысына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен құрылыс бөлімнің өкілдері талдау жасады. Ғимараттың құрылысына жауапты «Altyn LTD» ЖШС мердігер мекемелерінің басшыларының мәлімдеуінше қажетті материалдармен қамтылған. Комиссия мүшелері бақылау жұмыстары барысында құрылыстың уақытылы аяқталуы мен сапасына қатысты бірнеше ұсыныстарын білдірді.

Пікір жазу