Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрам ауданы «ALTYN KÚZ- 2022» мерекелік іс-шарасында 1-орынды иеленді

Сайрам ауданы «ALTYN KÚZ- 2022» мерекелік іс-шарасында 1-орынды иеленді

«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін» деп, дана халқымыз айтқандай, еңбек етіп, кәсіптің көзін тапқан адам түптің-түбінде нәтижеге жететіні анық. Сайрам ауданы еңбекқор халқымен ерекшеленген, ауыл шаруашылығында мол өнімімен танылған аудан.
Сайрам ауданы – облысымыздағы ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аудандардың бірі. Өңірде өндірілетін өнімдермен өзімізді ғана қамтып отырғанымыз жоқ, өзге аймақтарға да жіберілуде.
Дана халқымызда «Еңбек ер атандырады» деген аталы сөз бар. Қай заманда болмасын, еткен еңбек пен төккен тердің құны жоғары бағаланғаны белгілі.
Осыған орай, Түркістан қаласында өткен «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде ауданымыз Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болып марапатталды.
Сондай-ақ, озат агроқұрылымдарда марапатқа ие болды олар, ет өнімдерін экспорттаудан озат агроқұрылым «Туран Агро Ет-Сүт» АШӨК және озат мал бордақылаушы «Курбантай ата» шаруа қожалығы.
ОРТАҚ ЖЕТІСТІГІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Нуртанова Гульнар, «AMANAT» партиясы Сайрам ауданы мәслихаты депутаты.

Пікір жазу