Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС КҮРЕСШІЛЕР ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНДЕ БАҚ СЫНАСТЫ

ЖАС КҮРЕСШІЛЕР ҚАЛА БІРІНШІЛІГІНДЕ БАҚ СЫНАСТЫ

Республика күніне орай, облыс орталығында түрлі мерекелік шаралар өтуде.
Түркістан қалалық «Мәденит, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және Спорт бөлімінің» ұйымдастыруымен кезекті ашық біріншілік өтті.
Шарада облыстың түкпір — түкпірінен келген 11 мен 12 жас аралығындағы 230-ға жуық спортшы бақ сынасты.
Ашылу салтанатында сөз алған, «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақыпбек Айдарбекұлы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Дархан Төреәділұлы қатысушыларға жылы лебізін айтып, сәттілік тіледі.
«Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өткен жарыста палуандар 10 түрлі салмақ дәрежесінде белдесті.
Жүлделі орын иелеріне қала әкімінің арнайы марапаты мен медальдері табысталды.

Пікір жазу