Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады.
Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді.
Марафон – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі. Қатысушылар үшін марафонға қа­тысу тек хобби емес, өзге елдерге саяхаттаудың ерекше түріне айналған.
Жарысқа қатысуға Қазақстанның 12 облысынан және шет мемлекеттерден қатысушылар да ниет білдірген. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын ауқымды жобаға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Бүгінгі марафон өңірімізде бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады деп ойлаймын. Марафонға қатысуға 12 елден 2 мыңнан астам үміткер өтініш берді. Бұл – Түркістанда спортқа қызығушылық жоғары екенінің көрінісі. Баршаңызға сәттілік тілеймін! — деді облыс әкімі.
Таңмен таласа оянып жүгіруге келген спорт әуесқойлары үшін үлкен жүгіру старты калоритті этностильде ұйымдастырылды. Спорттық додаға қатысқан 2000-нан астам марафоншы төрт қашықтық бойынша, яғни 10, 21 және 42,2 шақырым жүгіріп өтті. Балалар 3 шқ. қашықтықты бағындырды.
Шара қорытындысы бойынша жүзден жүйріктер қаржылай сыйлыққа ие болды.

Пікір жазу