Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Зейнеткер ұстаздармен кездесу өткізілді

Зейнеткер ұстаздармен кездесу өткізілді

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектепте, Сайрам ауданы прокуратурасының және   Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің хаттарына сәйкес, тоқсанына бір рет жоғары сынып оқушыларының қатысуымен мектеп басшылығы,  зиялы қауым өкілдерінің өмірлік тәжірибелерімен, пайдалы кеңестерімен бөлісу мақсатында кездесулер ұйымдастыруды тасырған болатын.
Сондықтан №101 жалпы орта мектепте 8-9-10-11-сынып оқушылары мен ауылда көзге түскен, елімізге еңбегі сіңген, танымал тұлғалардан бірі болған медицина мамандығы бойынша 40 жыл еңбек еткен Адил Халмуратов,  зейнеткер ұстаз,  кезінде мектеп директоры болып, бүгінде зейнеткер Мамлакат  Қурбанбаева және Азиза Исмаиловалар қонақ болып, оқушыларға саналы тәрбие мен, сапалы білімнің арқасында ғылым шыңына шығуына, мықты кәсіп иесі атануы үшін мотивация беру мақсатында ашық алаң жүйесінде кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді ТІЖДО З.Абдукадиров, М.Астанова, Х.Абдусаламова, З.Исмаилова, Н.Қурбанбаевалар ұйымдастырып, ТІЖДО З.Абдукадиров олардың өмірбаяны және шығармашылық жұмыстарымен таныстырып өтті.
1. А.Халмуратов 11.10.1952 жылы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. Ол 8 жылдық Киров атындағы негізгі мектепті бітіріп, 1968-1970-жылдары N3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде оқыды, 1971-1973-жылдар аралығында Совет Армиясы сапында қызмет атқарды, 1973-1976-жылдары Өзбекістан Республикасының Тошкент қаласындағы «Ахунбабаев» атындағы медицина білім оқу орнында оқыды, 1976-2015-жылға дейін Қарабұлақ ауылындағы аудандық
N2 Ауруханасында елеулі еңбек етіп, көптеген мадақтама, грамота және медалдармен марапатталды.
2. М.Қурбанбаева 1953 жылы 21-мамырда дүниеге келді, ол N3 Хамза атындағы жалпы орта мектепті 1970 жылда бітіріп, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Низами атындағы Педагогика институтын аяқтап, еңбек жолыны N10 Қарабұлақ жалпы орта мектебінде бастады, 1990-жылы «Ғайрат» бастауыш мектебіне директор лауазымына тағайындалды және 2011 жылы елеулі еңбек арқасында зейнеткер ұстаз атанды.
3.А.Исмаилова 18.11.1954 жылы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді, 1961 жылы Киров атындағы негізгі мектебіні бітіріп, 1969-1971-жылдары N3 Хамза атындағы жалпы орта мектебіні тамамдап, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы «Низами» атындағы педагогикалық институтына түсіп, N3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім болып еңбек ете бастады, 1990-жылы «Ғайрат» бастауыш мектебінде директор орынбасары лауазымында елеулі еңбек атқарып, көп жылдық іс-тәжрибе арқасында мадақтама және грамоталар мен марапатталып зейнеткер ұстаз атанды.
Еліміздің ұздіктері, халқымыз танымал тұлғалары бүгінгі жиналыста оқушыларымыз болашақта өз кәсібін тапса, жақсылық істейтін, еліміз дамуына улес қосатын азаматтар болса, мемлекетімізге пайда әкелетін түлғалар ретінде көрінуге ниет білдіріп, мектеп ұжымынің жұмыстарына сәт, отбасыларына бақ тілеп, келешекте осындай ізгі жұмыстар және іс-шараларды жалғастыру қажет екенін айтып, мектеп- ата- аналар- мұғалімдер- оқушылар бір бөліп жұмыс атқарсақ биік шыңдардан көрінуімізге нық сенімді екендіктерін айтып өтті.
Одан бөлек мектебімізде 4-Ә қазақ сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Г.Якубова, бастауыш сынып мұғалімі У.Омаровалар бізбен бірге жұмыс атқарып жүрген, бірақ-та өмірден өткен ұстаздарымызде еске алу мақсатында «Мәңгі жадымызда» атты іс-шарасыны ұйымдастырып өткізді. Онда оқушылар ұстаздарына арналған өлеңмен, жылы сөздеріні көпшілікке білдірсе, ТІЖДО З.Абдукадиров, М.Астанова, өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Х.Абдисаламовалар олардың құрметіне ізгі ниеттерін білдіріп, жылы лебіздерін айтып, олар мәңгі біздің жадымызда болады деп,-сөздерін аяқтады.
Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында толеранттылықты дамыту және тәрбиелеу, әр-түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту; ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдаудың арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту,-болып табылады.

Пікір жазу