Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отыра, «Тоғыс» елді-мекенінде 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында түсіндірме жұмыстары жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Түсіндірме жұмыстары барысында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мен 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі» тақырыбында бітіруші сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Аталған кездесуге Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Алтынбай Аймахан Есжанұлы, Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дефектолог-логопед маманы Мәлік Жанерке Ерланқызы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты Тасыбек Нұрбек Мықтыбекұлы қатысты. Олар бірінші кезекте жастарға сұраныстағы басым мамандық түрлерін атап, өз мамандықтары жөнінде кеңінен сөз етті.
— Мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде тілі дұрыс дамымай, ойын анық жеткізе алмайтын балалармен жұмыс жасағым келетін. Тіпті өзімше зерттеулерде жүргізетінмін. Осы талпынысымды ары қарай жүйелендіріп, дефектология мамандығына оқуға түстім. Бүгінде өз саламда жұмыс жасап, балалардың дамуы мен дұрыс қалыптасуына үлкен үлесімді қосудамын. Ал сіздерге айтарым, мамандық таңдаудан қателеспей, өзіңіз сүйген саланың майталманы болыңыздар, — деді дефектолог-логопед Жанерке Ерланқызы. Кездесу соңында оқушылар қонақтармен сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

Пікір жазу