Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҮСТЕМЕ МӨЛШЕРІ 10%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҮСТЕМЕ МӨЛШЕРІ 10%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

Бүгінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша Департаментімен бәсекелестіктің бұзылу белгілерін алдын алу бағыты бойынша 19 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс бекітілді және 31 тауар нарығына талдау жұмыстары жүргізілді.
Монополияға қарсы комплаенс негізінен әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын өндіруші және көтерме саудада сатушы мекемелермен, сонымен қатар 2 ірі желі супермаркеттерімен бекітілді.
Нәтижесінде «Фиркан» және «Gramad retail» ЖШС-не тиесілі ірі желі супермаркеттерімен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына» Заңда рұқсат етілген 15%-дық үстеме мөлшерін 10%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді.
Нарықтағы 31 тауарға жүргізілген талдаулар қорытындысы және де келіп түскен арыз шағымдар бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабына сәйкес 29 Хабарлама шығарып, нәтижесінде келесідей жағдайларға қол жеткізілді:
Қаламыздағы жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың отыны болып табылатын метанды өндіретін және сататын «KZ» ЖШС және «АГНКС Казахстан» ЖШС атты 2 компания қызмет атқарады.
Осы 2 компанияның нарықтағы үлесі 100%-ды құрап, талдау қорытындысымен осы нарық субъектілерінің іс-әрекетінде ҚР КК 170-бабы, яғни бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бұзушылық белгілері байқалды.
Талдау қорытындысымен «KZ» ЖШС-не хабарлама шығарылып метан бағасы 106 теңгеден 104 теңгеге дейін төмендетілді.
Тауық жұмыртқасын өндіру және өткізу нарығы бойынша жүргізілген талдау қорытындысымен қаламызда ресми тіркелген «Шымкент құс» және «Тассай құс» ЖШС-не бәсекелестікке қарсы келісімдер бойынша Хабарлама шығарылған.
Сонымен қатар, 2022 жылы жеңілдетілген автонесие басталуына байланысты, әлеуметтік желіде автосалондар тарапынан жаңа автоларды сату кезінде қосалқы бөлшектерді қосу бойынша туындаған халықтың наразылығын ескере келе және Депараментке түскен арыз шағымдар бойынша «Еуразиан моторс» ЖШС және «Тамерлан моторс» ЖШС-не Кодекстің 177 бабымен, яғни мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу нысанындағы жосықсыз бәсекелестікті жою жөнінде Хабарламалар шығарылды.
Нәтижесімен, аталған компаниялардың ресми өкілдері Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған Заң бұзушылықтарын жою жөнінде тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын хабарлады.

Пікір жазу