Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӘСІПОДАҚТЫҚТАР «АВТОКОМБИНАТ 4 НҰР» ЖШС КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КӘСІПОДАҚТЫҚТАР «АВТОКОМБИНАТ 4 НҰР» ЖШС КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылға арналған Жол картасы негізінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек қаладағы қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының құрамындағы «Автокомбинат 4» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен жүздесу барысында еңбек жағдайларына байланысты түрлі мағлұматтар берілді.
«Автокомбинат 4» ЖШС-гі — қалааралық жолаушы тасу қызметімен айналысады. Бүгінде мекемеде 45 адам жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің барлығы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.
Кездесу барысында қатысушылар еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат алды.
Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.
Сонымен қатар, кездесу қаладағы «АВТОИМПУЛЬС» ЖШС еңбек ұжымымен жалғасты. Кездесуде «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер мен оның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар, көлік компаниялары арасында жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында жұмыс тобы мүшелері автобус паркінің жүргізушілері мен жұмысшыларының еңбек жағдайымен танысып, жолаушы тасымалдаушылардың қауіпсіздік құралдары мен қорғаныш құрылғыларына баса назар аударды. Мұнда автобустардың күн сайын техникалық қауіпсіздігі тексеріліп, жүргізушілер талапқа сай бағытқа шығарды медициналық тексерістен өтіп тұрады.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.

Пікір жазу