Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ГІР КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 50-ге тарта елдің спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекеде еліміздің намысын қорғаған сайыпқырандар арасында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің қатарында Мұхамеджан Жәнәділ, Нұртас Сағынғали, Диас Ташен бар. Сондай-ақ Уайс Рамазан күміс жүлдегер атанса, Мөлдір Амангелді, Сәрсенқұл Мамырбектер қолаға қол созды.
Ғаламат нәтиже көрсеткен спортшылар – білікті басшы Бауыржан Бөріқұлов жетекшілік жасайтын Түркістан облысының №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу