Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, ддеп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші болып 2024 жылға аудан бюджетін қалыптастыру барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Белгілі болғандай аудан бюджетінің жобасы аудандық мәслихаттың қарауына 15 қазанға дейін ұсынылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жиында аудан аумағындағы күл қоқыстарды тасымалдаушы мекемелердің жұмыстары туралы ТҮКШ бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Н.Абділдаев баяндады. Оның айтуынша, аудандағы 11 ауылдық округтегі тазалық жұмыстарын 8 мекеме тарапынан атқарылуда. Бүгінде ауылдық округ әкімдіктерінің жұмыс жоспарына сәйкес, тиісті аумақтарда қоғамдық жұмысшыларды бекітіп, кесте бойынша тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Көтерілген үшінші мәселе — облыс және аудан әкімінің жеке қабылдауына берілген тапсырмалардың орындалу барысы көтерілді. Биыл 9 айда ауданға 2972 өтініш келіп-түскен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 24% аз екендігі анықталды. Бұл ретте әкім орынбасары тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етпеген бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің жауапкершілігін қолданыстағы заңнама аясында қарап ұсыныс енгізуді тапсырды.
Кездесуде А.Өсербаев ауданды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжіліс соңында А. Өсербаев көтерілген әрбір мәселе мен тұрғындардың ұсыныстары біз үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Пікір жазу