Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік-психология» кафедрасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын, тәрбиенің жылдық жоспарын талдау, сараптау мақсатында кезектен тыс шығармашылық топ отырысын өткізді.
2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарын талқылап, тәрбие жұмысының біртұтас кешенді бағдарламасына талдау жасады. Сондай-ақ, отырыста мектепішілік ішкі тәртіп ережесінің жаңа формасын және ата-анамен келісім шарттың бірыңғай формасын әзірлеу т.б. әртүрлі мәселелер талқыланды.
Шығармашылық топ отырысына аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық шығармашылық топ жетекшілері қатысты.
Түркістан қаласы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Оқу-ағарту минстрлігі техникалық-кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы, Түркістан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы және Түркістан облысы Білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы қатысты.
Іс-шараға 5 ауданның білім бөлімі басшылары, әдіскерлер және мектеп директорлары қатысты.

Пікір жазу