Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК 11 ЖАСАР ОҚУШЫ ГИПСТЕН БҰЙЫМ ЖАСАУ КӘСІБІН МЕҢГЕРГЕН

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК 11 ЖАСАР ОҚУШЫ ГИПСТЕН БҰЙЫМ ЖАСАУ КӘСІБІН МЕҢГЕРГЕН

Келес аудандық білім бөліміне қарасты №20 Т.Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Нұрсырым Ұлық мүсін жасау өнерімен бірнеше жылдан бері айналысады. Мүсін жасауды 9 жасынан үйренген жас шебер қазіргі таңда бұл саланы кәсіпке айналдырып отыр.
Ол түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған теңге жәшіктерін жасайды. Сондай-ақ той-томалақтарға түрлі кәдесый жасап, бұйымдарға тапсырыс қабылдап жатыр. Бұл өнер түрін ол тик-ток желісінен үйренген. Одан әрі білімін ғаламтор арқылы жетілдіріп, аз уақыттың ішінде бұл отбасылық кәсіпке айналып үлгерді.
– Теңге жәшігі секілді дүниелерді тұтынушылар сұранысымен тойларға «тойбастар» ретінде, бесік той, құдалық тойларға шуылдаққа тапсырыспен шығарып жатырмыз. Мектепте еңбек пәнінің болғанын асыға күтемін. Болашақта осы саланы тереңірек меңгеруге бар күш жігерімді саламын, – дейді жас шебер.
Айта кету керек, оқуда озат баланы еңбекке баулып отырған ата-анасы оған барынша қолдау көрсетіп отыр. Олар мұндай жетістікке жетудің бір себебі, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білу керектігінде деп есептейді.

Пікір жазу