Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 25 қазан — «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті.
«Ұстаз барысы» жарысы «Білім беруді дамыту орталығы» тарапынан 2022 жылы бастау алған болатын. Ұстаздықпен қоса құрыштай шыныққан сайыпқырандардың саңлағын анықтайтын «Ұстаз барысы» екінші рет өтіп жатыр. Ұстаздық жолында қызмет етіп жүрген ұстаздар, бозкілемде жауырындары жерге тимейтін балуандар өз күштерін көрсетті. Жарысқа 7 салмақ бойынша сайдың тасындай іріктелген 17 аудан/қаланың жеңімпаздары келіп қатысты. Жарысқа келген сайыпқырандардың арасынан белдескеннің белін үзер, тірескеннің тізесін бүктірер жауырыны жерге тимейтін ердің ері «Ұстаз барысы» анықталды.
Жарыс жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынамыз:
60 келі салмақ бойынша:
І — Қошқаров Жаңабай (Сарыағаш)
ІІ — Құрбанов Айдос (Қазығұрт)
ІІІ — Дүйсенбекұлы Олжас (Отырар)
66 келі салмақ бойынша:
І — Арыстанбек Асқар (Ордабасы)
ІІ — Акауов Азизбек (Кентау)
ІІІ — Сейдуалы Бағдат (Сайрам)
74 келі салмақ бойынша:
І — Зубайра Дінмұхамед (Созақ)
ІІ — Сәкенов Ақбархан (Ордабасы)
ІІІ — Арапбаев Нұрболат (Қазығұрт)
82 келі салмақ бойынша:
І — Болысбек Мұқағали (Кентау)
ІІ — Қартаев Ибраһим (Ордабасы)
ІІІ — Есенгелді Нұрлан (Отырар)
90 келі салмақ бойынша:
І — Заиров Заир (Мақтаарал)
ІІ — Насрулла Айбек (Отырар)
ІІІ — Абдуханов Ербол (Кентау)
100 келі салмақ бойынша:
І — Құрманов Айбатыр (Отырар)
ІІ — Оралбаев Әселбек (Қазығұрт)
ІІІ — Абубәкір Орынбек (Төлеби)
100 келіден астам салмақ бойынша:
І — Төреқұлов Асқар (Отырар)
ІІ — Смадияров Қайрат (Жетісай)
ІІІ — Урусбаев Ғани (Төлеби)
Түйе палуан атанғандар:
Төреқұлов Асқар — Отырар ауданы
Смадияров Қайрат — Жетісай ауданы
Абдуханов Ербол — Кентау қаласы
Жарыс жеңімпаздарын Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» директоры Бақытжан Нұрмағанбетұлы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Балуан шолақ спорт кешенінің директоры Ануар Амантайұлы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сейтжаппарұлы марапаттады. Ұлттық спортты насихаттаған барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір жазу