Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Құқықбұзушылықтардың профилактикасы сөз болды

Құқықбұзушылықтардың профилактикасы сөз болды

 Бәйдібек ауданы «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жиынды аудандық білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы ашып беріп, мектеп директоры Копесов Бакытжан Калиевич құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар және оқушылардың жетістігі туралы баяндама оқыды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе, оқушыларды ар-ұят, талап, ұлттық мүдде құндылықтарын бойына сіңіруге шақырды.
Мәди Мұратбекұлы кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару мақсатында мектеп әкімшілігімен және 8-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазіргі заманда өзекті мәселе екеніне тоқталды.
Екінші сөз кезегін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Налибаев Сабыржан Жумабекович сөз алып онда әскери қызмет-мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің, Отанының алдындағы қасиетті парызы саналатындығын, Отан алдындағы борышын өтеу керектігін айтып өтті.
АПБ ЖПҚ бастығы, майор Ақбердиев Бакытжан Лесбекұлы шығып, отбасы жағдайында қадағалауды қажет ететін, сабаққа қатыспайтын оқушылардың отбасымен жұмыс жүргізу, жасөспірімдердің автокөлік жүргізуін үзілді-кесілді тоқтату және ерте жүктілікті болдырмау туралы айтып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесуге келген қонақтар бала құқығы туралы айта келіп, құқық бұзузушылық туралы оқиғалардан мысал келтіріп оқушыларға кеңестер беріп,ойларымен бөлісті. Оқушылар кездесуден өздеріне пайдалы көптеген мәліметтер алды. Кездесу жоғары дәрежеде өтті.

Пікір жазу