Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлының 2023 жылғы 12 -қазандағы №284 -ж/қ бұйрығымен Маханбетов Жандос Маханбетұлы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Жандос Маханбетұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекенінде дүниеге келген. 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетін «Биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында мұрағатшы болып бастаған.
2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесі әкімшілік-құқық бөлімінің бас маман міндетін атқарушы;
2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы ұйымдастыру, құқықтық және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінде бас маман;
2018-2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы ұйымдастыру, құқықтық және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы;
2021-2023 жылдары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы;
2023 жылдан бері Түркістан облысының білім басқармасы тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Пікір жазу