Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…
Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам-мұғалім.
Осы орайда 25 қазан Республика күні қарсаңында Сайрам ауданы білім бөлімінің №61 С.Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінің ардагер ұстаздары Келгенбаева Агайша Орынбасаровна, Ганитаева Замира Ботабековна және №50 К.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстаздары Абилдаев Ордабек, Токбергенова Райхан, Исахметова Қызбала, Карабеков Батырбек, Тойбекова Толбасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсембаевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттарды «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайым Г.Тлеубердиева табыстады.
Іс-шарада сөз сөйлеген кәсіподақ төрайымы ұстаздарды 25 қазан — Республика күні мерекесімен құттықтады. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін танытатын, мемлекеттің құрылу тарихын сипаттайтын күн. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелердің күнтізбесіне ұлттық мереке болып енгізілуін ұсынды. Республика аумағында, оның ішінде ауданымызда Республика күні мерекесінің маңызы мен тарихына арналған іс-шаралар кеңінен аталып өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында еңбектеріңіздің еленіп, марапат иелері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!» — деп ізгі тілегін жеткізді.
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті ардагер ұстаздар!

Пікір жазу