Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында апталық өтті

«Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында апталық өтті

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Республика күніне орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты балалар кітапханалары арасында облыстық апталық өтті.
Апталықтың екінші күнінде Арыс, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт аудандық балалар кітапханаларының кітапханашылары белсенді атсалысып, «Қазақстан – Кеше! Бүгін! Кітаптар сөйлейді!» атты кеңейтілген кітап көрмесін жасақтады. Кітап көрмесінің ашылу салтанатын кітапхана директоры Ақмарал Асанқызы ашып, қайта жаңғырған тарихи маңызы жоғары ұлттық мекерекеміздің биыл екінші жылы тойланып жатқанына өз қуанышын білдіріп, сонымен қатар, Республика күні бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатынын айтып, кітапханашыларға алғысын білдірді.
Шара барысында, осы жолдардың авторы кең көлемді кітап көрмесін оқырмандарға таныстырып, көрмеге қойылған Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттері мен өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған кітаптарға шолу жасады.
Кітапхана оқырмандарына аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары патриоттық әдеби композициялар орындап, мерекеге орай арнауларын арнады. Сонымен бірге, викториналық ойын ойнатып, оқушылардың білімін шыңдады. Республика күніне орай ұйымдастырылған мәдени мерекелік шара «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Жанар Нарботаева,
Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі.

Пікір жазу