Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Еңбекші» жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман — ертеңгі білікті ұстаз” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен аудандық оқу әдістемелік семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева және аудан мектептерінің жас мамандары қатысты.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдері тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру.
Іс-шара барысында “Мектептегі мұғалім көшбасшылығы-жас ұрпақ болашағының негізін қалайды”, ”The use of information technology in the independent study of a foreign language by students”, «Earth and our planet on it.Word formation-ing/ed Adjectives”, “Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану”, “Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерінің тиімділігі” атты тақырыптарда сабақтар өткізілді.
Семинар соңында жас мамандар кәсіби құзіреттіліктерін көтеруде және оқыту барысында кері байланыс жасап, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде тәжірибе алмасты.
ШАРДАРАДА «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі — ертеңіміздің кепілі!
Осы ретте Шардара қаласындағы №12 жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстаздарының қолдауымен, педагог-психолог Б.Өрісбаева «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға аудандық Мүгедектер қауымдастығының төрағасы Қ.Ерназаров, аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б.Есбосынова, Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы С.Лаханов, №12 жалпы орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Қ.Әбдиева және де аталған мектептің үйден білім алатын (ерекше күтімді қажет ететін) оқушылары мен ата-аналар қатысты.
Жиын барысында аталған мектеп директоры Д.Тулепов ерен еңбегімен еленген бірқатар аналарды арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, балаларға сыйлықтар тарту етті.
Сондай-ақ, «Армандар орындалады» деген мақсатта әуе шарларын көкке ұшырды. Ата-аналар комитетінің төрайымы өз атынан балаларға әдейілеп әкелген сый-сияпатын ұсынды. Содан соң мәз-мейрам болған бүлдіршіндерді «Теңіз терапиясы» әрекетімен теңізге кемемен серуенге апарды.
«Жүректен жүрекке» жеткен игі шараға ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ «XV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты «№28 мектеп-лицей» оқушылары Түркияның Анталия қаласында өтетін «XV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» халықаралық олимпиадасына жол тартты. Аталған тақырыптағы халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында ағылшын, тарих, математика, география, биология, сурет өнері және орыс тілі секілді пәндерден өтіп келе жатқан білім жарысы.
Олимпиаданың басты мақсаты — үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру.
Өткен жылғы «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» олимпиадасында жеңіспен оралған «№28 мектеп-лицей» ұжымы биыл да 12 оқушымен олимпиадаға аттанды.
Әріптестерімізге ақ жол, олимпиадада бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы болып өтті.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша республикадағы ауылшаруашылығы секторын дамыту жағдайында ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өткен конкурсқа Алматы Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Ақмола облыстарынан келген конкурс қатысушылары, серіктес мекеме өкілдері, ардагер ұстаздар мен инженер — педагогтерден құралған барлығы 100-ге жуық адам қатысты.
Конкурсқа қатысушы 24 инженер-педагог «Агрономия», «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Екі күнге созылған конкурс нәтижесінде: «Агрономия» саласы бойынша II орынды — Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Сахова Салия Егембергенова иеленді.
Ал, 23-27 қазан аралығында Ақтауда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Аспаз ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Серикбаева Салтанат Нурлыбековна II дәрежелі дипломмен марапатталды.
ӘР БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІНЕ ҚАРАЙ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫ БАҒЫТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Мақтаарал ауданының білім бөлімінің іс-шарлар жоспарына сәйкес С.Рахымов атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» тақырыбында кездесу өтті.
Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білуге, оның одан әрі тиісінше дамуына бағыт-бағдар беру жауапты іс.
Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы болып саналады. 9-11 сынып оқушыларына ғылыми жобаның жазудың қыр-сырын баяндау мақсатында әдіскер Н.Мырзалиева баяндама оқып, оқушыларға түсірдіру жұмыстарын жүргізді.

Пікір жазу