Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

САЙРАМ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында математика пәнінен «Математикалық сауаттылық тапсырмаларындағы болжам стратегиясының тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың математикалық сауаттылықтан үздіксіз алған білімдерін өмірде пайдалану.
Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан «Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» математика пәні әдіскері Т.Усенов және Сайрам ауданы білім бөлімі математика пәнінің әдіскері А.Жайлаубаева, №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясының директоры Ұ.Оразбаева семинардың өту барысымен таныстырып, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімі Оразхан Жасұлан «Геометрия» пәнінен 7 сынып оқушыларымен «Сыбайлас және верикаль бұрыштар, олардың қасиеттері»;
Төлеби ауданы, Л.Тәжібаев ШЖЖББМ, Мырзакерім Дархан Еркінбекұлы 7 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру»;
Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ, Нуржанова Назым Абдибековна 7 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу»;
Сайрам ауданы, №20 С.Сейфуллин атындағы М/Г мұғалімі Д.Срайлова 7 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу»;
Ордабасы ауданы, «Зерде» ЖББМ мұғалімі Исаева Закура Амирхановна 8 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «5 y=√x функциясы, оның графигі және қасиеттері»;
Түлкібас ауданы, И.Рыбалко атындағы ЖББМ мұғалімі Мамышева Куралай Исаховна 8 сынып оқушыларымен «Үшбұрыштың тамаша нүктелері»;
Сайрам ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ мұғалімі Оразова Раушан 9 сынып оқушыларымен «Геометрия» пәнінен;
Ордабасы ауданы, Б.Нұрлыбеков атындағы ЖББМ мұғалімі Кубеева Эльмира Куралбайқызы 9 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «Ньютон биномы және оның қасиеттері»;
Қазығұрт ауданы, А.Байтұрсынов атындағы ЖББМ мұғалімі Айтмырза Серғазым 9 сынып оқушыларымен «Алгебра» пәнінен «Ньютон биномы және оның қасиеттері»;
Төлеби ауданы, «Алатау» ЖББМ мұғалімі Молдабек Ақнұр Әмзебекқызы 9 сынып оқушыларымен «Геометрия» пәнінен «Есептерді шешуде векторларды қолдану» тақырыптарында ашық сабақ және де математика пәні мұғалімі Абдижамилова Дилноза тренинг өткізді.
«Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» математика пәні әдіскері Т.Усенов семинарға қатысқан барлық пән мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, семинарға жоғары бағасын беріп, қортындылады.

Пікір жазу