Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БӨЛІНІП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БӨЛІНІП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздегі еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде жаңадан жұмыс орындарын ашу, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекпен азаматтардың қамтылуы, жалпы әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелі орындалуы бойынша Үкіметке пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған.
Төлеби ауданында жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4217 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Оның 2650-і тұрақты қызметке орналасқан. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 944 адам оқып, сертификат алды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» жөніндегі тапсырмасына сай 1101 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жастар практикасымен» жаңадан оқу орнын бітіруші 215 маман, қоғамдық жұмыс орнына 936 азамат жолданды.
Ал аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында жалпы 631 отбасыға 232 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 90 адамға бөлініп, 124 млн. теңге төленді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір жазу