Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӘЙТЕНОВ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

ӘЙТЕНОВ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Қостанай қаласына көшіп барып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Жасұлан Әйтенов құрылыс компаниясында инженер болып жұмыс істейді. 32 жастағы түлкібастық азамат қараша айында жеке меншік үй сатып алуға құжат дайындағанын жеткізді. Себебі, биыл мамыр айында көшіп барған Жасұлан 6 ай мерзімінде үй сатып алуға өтініш беріп үлгеруі керектігін ұмытпады.
Возможно, это изображение 3 человека
Жасұлан Әйтеновтың жұбайы ұлттық нақыштағы киім мен түрлі бұйымдар тігеді. Әзірге жұмысын уақытша тоқтатқан.
Жас отбасы таңдаған үйі шамамен 10 миллион теңге бағаланған. Оның 4 млн теңгесін бағдарлама аясында мемлекет төлеп береді. Қалған соманы ипотека арқылы өтеуді жоспарлап отыр.
Түлкібастық Жасұлан Әйтенов бұдан да өзге мемлекет тарапы көрсеткен көмектерді тіізбектеп беріп, қоныс аударушыларға көңіл бөлініп жатқанына ризашылығын білдірді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу