Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды.
Ең алдымен аудан әкімдігі ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға келген жеке кәсіпкер Ақылжан Сарбасов Зертас елді мекеніне арнайы спорт кешені қажет екенін айтты.
Аппарат басшысы Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті салалақ басқармалардан оң қорытындысы алынып қаржыландыруға ұсынылғанын айтып, мәселені шешуге ықпал ететінін жеткізді.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қосымша лагерь қажеттігін атап өтіп, бұл саладағы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Төлеби ауданында жалпы 29 мың оқушы білім алуда. 2023 жылы оқушылар жазғы демалысын «Қуаныш», «Тау шыңы», «Біркөлік шатқалы», «Тау гүлі», «Көктөбе» және Қазығұрт ауданында орналасқан «Тұрбат» лагерлерінде өткізді. Балалардың демалуына мүмкіндік жасайтын қосымша лагерь құрылысын жүргізу үшін Киелітас ауылдық округінде орналасқан «Спутник» лагерін ұсынды.
Ол тұрғынға аталған мәселемен таныс екеніне тоқталып, лагерьдің қазіргі кезде тозығы жетіп, ғимараты күрделі жөндеуді қажет екенін айтып, қажетті құжаттары облыстық салалық басқармаларға ұсынылғанын және оны шешу жолдары қарастырылатынын түсіндірді.
Одан кейін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен өзекті мәселелер бойынша кездесті. Кездесуде аудан аумағындағы шешімін күткен мәселелер негізінде аудан әкімінің орынбасарлары баяндады. Онда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет саласы, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды.
Еркеғали Әлімқұлов Ленгір қаласындағы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелеріндегі тозығы жеткен тұрғын үйлердің қазіргі жағдайын көзбен көрді. 1936 жылы қабырғасы ағаш конструкциядан тұрғызылып, ескіріп, тозығы жеткен 2 қабатты 8 тұрғын үйдегі 125 пәтерде 700-ден астам адам тұрады. Облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен 125 пәтерлі 8 тұрғын үйдің орнына Ленгір қаласының I мөлтек ауданы, Қапал Батыр көшесінің бойынан 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға көзделіп отыр. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарына қатысты жұмыстар 2024 жылы жалғасын табады.
Сондай-ақ Ленгір қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлерімен кездесіп, спортшылармен тілдесті. Аудан көлемінде спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, бұл саладағы бастамаларды жандандыруды тапсырды.

Пікір жазу