Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ:  ЖАСТАРДЫ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

ТӨЛЕБИ:  ЖАСТАРДЫ ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

Төлебиде субсидияланатын жұмыс орындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналасуға шақырды.
Төлеби аудандық Мансап орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау және жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің қызметкерлері субсидияланатын жұмыс орындарына оқу орындарының түлектері мен бұрын-соңды жұмыс істемеген жастарға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасы бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңды тұлғалармен де кездесіп, «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары арқылы кімдер, қалай қатыса алатындығын түсіндірді. Мемлекет тарапынан аталған бағдарламаларға қатысушыларға қанша жалақы төленетіндігін және басқа да талаптары жөнінде кеңінен жеткізді.

Пікір жазу