Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қысқа мерзімді оқыту – оқып, жұмыс табудың мүмкіндігі

Қысқа мерзімді оқыту – оқып, жұмыс табудың мүмкіндігі

Қысқа мерзімді оқытудың арқасында сіздер жаңа мамандықты тегін игеріп қана қоймай, сондай-ақ жұмысқа да орналаса аласыздар.
Оқытудың ұзақтығы бағдарламаға қатысушының таңдаған мамандығына байланысты.
Оқыту жұмыс берушінің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында жүргізіледі.
Қысқа мерзімді оқытуға қатысушылар оқу ақысын, шәкіртақы немесе жалақы төлеу түріндегі мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ жолақымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтініш жасау қажет.
Сонымен қатар оқыту кезінде бағдарламаға қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындайды, ал оқыту аяқталғаннан кейін жаңа мамандығы бойынша жұмыс орнына орналасады.
Келесі сілтеме бойынша жоба туралы толық ақпарат алуға болады:

Пікір жазу