Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлеби: Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды

Төлеби: Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша – Ленгір қаласы әкімі М.Жұмабаев Төлеби ауданы Ленгір қаласының №2, 3 мөлтекауданының орталық көшесіне Зетбек Ташев атауын беруге келісім беруді сұрады. Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл мәселені жан-жақты зерделеп, талқылады. Әрбір кеңес мүшесі өз ой пікірлерін ортаға салып бір көшені бөліп жарып екі атау беруді қолдамайтындықтарын айтып, келісімдерін бермеді. З.Ташевке Ленгір қаласында атауы жоқ басқа көшелердің бірін беруге ұсыныстарын жасады.
Екінші мәселе бойынша – Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Бейсебаева хабарлама жасады. Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағида жобасына келісім беруді сұрады. Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан келісім берді.
Үшінші мәлеле бойынша – Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімнің басшысы М.Ашрапов, Төлеби ауданының елді мекендеріне салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы және Төлеби аудандық мәслихаты 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №23/127-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасымен толық таныстырып, түсіндірді және келісім беруді сұрады. Кеңес мүшелері хабарламашыға сұрақтарын қойып жауаптарын тыңдап, талқылап келісімдерін берді.

Пікір жазу