Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » «ОТБАСЫ БАНК» АРҚЫЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«ОТБАСЫ БАНК» АРҚЫЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың төрағалығымен «Отбасы банк» арқылы баспанамен қамту бағытын түсіндіру аясында жиын өтті.
Кездесуге қатысқан банк қызметкерлері Нұрсұлтан Қалдарбеков, Айдос Рахманқұлов банк арқылы тұрғын үйге қол жеткізу жолдарын түсіндірді. «Отбасы банк» АҚ «САУРАН» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге конкурс жарияланғанын, оған өтініштер қабылданып жатқанын әңгімеледі. Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге өтініштер үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан кабылданатынын айтып, банктен баспанаға несие рәсімдеу жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ, несие пайызы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына төмен екенін, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы көп балалы отбасы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар жылдық мөлшері 2% -бен несие рәсімдей алатынын айтты. Бұған қоса, ай сайын тұрақты депозит толтырып отырған азаматтар да жеңілдікке ие болады.
Басқосу барысында жиналғандар арендалық тұрғын үй алуға қатысты, депозит жөнінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.

Пікір жазу