Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ТҰМАРЛАРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ТҰМАРЛАРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Түркістан тұмарлары» атты мерекелік кеш өтті. Жиынға өңірдің рухани, мәдени, ғылыми және саяси өмірінде белсенді қызмет атқарып жүрген нәзік жанды арулар қатысты.
Кітапхана директоры Жанат Шардарбекова іс-шараны ашып беріп, барлық аналарды, қыз-келіншектерді құттықтады. Сонымен қатар, ізгі тілегін арнап, кітапханада жасалған арнайы қобдиша мен кейіпкерлер жайлы шығарылған ақпараттық кітапты табыстады. Қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Кешке қатысқан ер-азаматтар өз кезегінде ақ тілегімен қоса өлең оқып, ән шырқады. Ал өнерпаздар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу