Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 300 АДАМҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында сыйымдылығы 300 адам болатын «Ләтіп ата» мешіті ел игілігіне есігін айқара ашты.
Мұнарасы алыстан менмұндалайтын мешіттің ашылу рәсімінде ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан қажы Сматбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш, ардагер ақсақал Аманкелді Қабылбеков және Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов алғы сөз алып, ақжарма тілектерін арнады. Ал ауыл тұрғыны Ердәулет Сұлтан демеуші азаматқа халықтың атынан тұлпар мінгізіп, иығына шапан жапты.
Алла үйінің ашылу салтанатына Қызылорда, Қарағанды, Теміртау, Ақмола аймақтарынан бөлек, Өзбекстаннан арнайы қонақтар қатысып, құрылысы небәрі 7 айда аяқталған мешіт үйінің ішкі-сыртқы көріністерімен танысты. Сондай-ақ бұл имандылық ордасының бой көтеруіне ықпал жасаған жеке кәсіпкер, меценат, Ләтіп атаның немересі Мұрат Мұрашимовқа шынайы алғысын білдірді.
Ел бірлігін бекемдеу мақсатында негізі қаланған құлшылық үйінің салтанатты рәсімінен соң, бабалар рухына Құран бағышталды. Содан соң жиналған жамағат жаңа мешітте Жұма намаз оқыды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу