Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚ ЕТКЕН ҚАЙРАН БЕРІК…

ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚ ЕТКЕН ҚАЙРАН БЕРІК…

Берік Тұрмаханұлы Тасмұрзаев Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты (ол кездегі №1 Қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернаты)-ның түлегі. Санаулы ғана ғұмырында кейінгі ұрпаққа, шәкірттеріне қалдырған үлгісі мәңгілікке ұзармақ. Небәрі 24 жасында келместің кемесіне мінген Беріктің өмірден өмірден өткеніне де 11 жылдың жүзі болыпты.

Берік Тасмұрзаев 1989 жылы 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласында дүниеге келген. Ленгір қаласындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітіріп, 2002 жылы Шымкент қаласындағы №1 Қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатына қабылданып, 2007 жылы лицейдің түлегі атанды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нде биология пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған Берік Тасмұрзаев өзі білім алған лицей-интернатында биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Берік сабақ берген үш жылдың ішінде шәкірттері облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, биік белестерді бағындыра білді. Өкініштісі жастайынан жасындай жарқ еткен Берік Тасмұрзаевтың жұлдызы тым ерте сөнді. Қыршынынан қиылған Берікке осынау жалған дүниеден бар болғаны жиырма төрт жыл бұйырған екен.

Берік Тасмұрзаевтың жанының мөлдірлігін, адами қасиеттері, өз ісіне адалдығын есіне алған әріптестері, сыныптастары терең таланты мен ерен алғырлығы шәкірттерінің бойынан табылып жатса, жас ұстаздың үміті ақталарына сенімді.

 

© Didarbek.kz

Пікір жазу