Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТАСМҰРЗАЕВ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТАСМҰРЗАЕВ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы «Дарын» орталығы «Білім-инновация ер балаларға арналған №1 лицей-интернатымен» бірлесе дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «ІІІ –Тасмурзаев» олимпиадасын өткізді.
Жоғары деңгейде өткізілген олимпиаданың күрделі де қызық тапсырмалары қатысушылардан терең білім мен ұтқыр ойды талап етті. Олимпиадада жеңіске деген құлшыныс, табандылық пен еңбекқорлық біраз балаға оңай алға шығуға мүмкіндік берді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ. Өйткені, әрбір білім сайысы оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға тың серпін береді.
Возможно, это изображение 9 человек, скрипка, помост и текст
Айта кетейік, Берік Тұрмаханұлы Тасмұрзаев Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты (ол кездегі №1 Қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернаты)-ның түлегі. Санаулы ғана ғұмырында кейінгі ұрпаққа, шәкірттеріне қалдырған үлгісі мәңгілікке ұзармақ. Небәрі 24 жасында келместің кемесіне мінген Беріктің өмірден өткеніне де 11 жылдың жүзі болыпты.
@Didarbek.kz

Пікір жазу