Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бәйдібекте «Ұлттық домбыра күні» мерекесі кеңінен аталып өтті

Бәйдібекте «Ұлттық домбыра күні» мерекесі кеңінен аталып өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отырған, «Ұлттық домбыра күні» мерекесі Бәйдібек ауданында аталып өтті.


Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Танагузов Бахтбек Төленұлы ашып беріп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында белгіленіп отырған Ұлттық домбыра күніне байланысты ұлтымыздың асыл құндылығының бірегейі домбыраны насихаттауға сіңірген еңбегіңіз үшін мәдениет саласының майталманы, шертпе күйдің шебері, күйші-сазгер Таласбай Сейітқазыұлы, домбыра жасаудың шебері, күйші-сазгер Ергешбай Дөңбайұлы және Шаян саз мектебінің мұғалімі Жазира Сейтханқызына шынайы алғысын білдіріп, марапаттады.


Іс-шара барысында Қазақстанның Құрметті журналисі, ауданның «Құрметті азаматы» Серікбай Дәулетбайұлы домбыраның шығу тарихына тоқталса, домбыра жасау шебері, бірнеше күйлердің авторы Ергешбай Дөңбайұлы домбыра жасаудың тарихына тоқталып, өзінің «Қостұра», «Қарабура» күйлерін, күйші-сазгер Сейітқазы Таласбай өзінің «Алтын ордам, Астанам» күйін орындап берді.
Мерекелік іс-шарада Хафиздың күйі «Бақтыбайдың әуені», Құрманғазының «Терісқақпай», «Балбырауын» күйлері орындалды.

Осылайша бәйдібектіктер көне ұлттық өнерімізді дәріптеп, бабалар жолына құрмет көрсетті.

Домбыраны шерте білу, əн айту ол да бір өнер.  Ал сол өнерді құрметтеу  — Ұлы өнер! Əр Қазақтың баласы домбыра мен аттың құлағында ойнай берсін!

Пікір жазу