Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖҮРГІЗУШІ, ЖОЛ БЕР!

ЖҮРГІЗУШІ, ЖОЛ БЕР!

Оңтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Халықаралық жедел медициналық жәрдем күніне орай «Жедел жәрдем көлігіне жол бер» атты шара өткізілді.
Шара барысында көлік жүргізушілеріне жедел медициналық көмек көліктеріне жол ашуды еске түсіру, халықтың санасына ой салып, шұғыл көмекке зәру науқастарды жедел түрде дəріханаға жеткізуде санаулы секундтардың маңыздылығын жеткізу мақсатында қала көшелеріне ескі үлгідегі жəне жаңа сары түсті жедел жәрдем көрсету көліктері шықты.


Жаттығу нәтижесі жаңа сары жедел медициналық көмек көрсету көліктерінің көзге тез түсетінін көрсетті. Оның үстіне жаңа көліктердің дабыл үні де ұлғайтылған. Бұл да көлік жүргізушілеріне əсер ететіні айдан анық.
Шымкент қаласы бойынша тіркеуде тұрған 95 жедел жәрдем көлігінің жиырмасы сары түске боялған. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Енді қала аумағында жедел-жәрдем көлігінің жылдамдығы арта түсіп, мұқтаж жандарға мерзімінде жететініне сенім білдіреміз.

Пікір жазу